Ақтауда жылқылар көшедегі талдардың жапырағын қорек етуде

Ақтауда әлеуметтік желі пайдаланушылары жылқылар түсірілген видеомен бөлісті.

Онда қалада топтасып жүрген жылқылар жасыл желектерді бүлдіруде, деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Жайылып жүрген жылқыларды «Ақбота» саябағында жергілікті тұрғын фотоға түсіріп алған.

Айтуынша, олар ағаш жапырақтарымен, бұталармен қоректенуде.

«Олар неге қалалық саябақта жасыл желектерді кеміріп жүр? Олардың барлығының таңбалары бар, мүмкін біреулер көріп иелерін анықтар?», - деді ол. Сондай-ақ жылқылар бүгін 8-шағын ауданда №14 үйдің артында көзге түсті. Бірнеше жылқыны 6-шағын аудандағы жергілікті тұрғын №21 үйдің жанында көріп қалған. Жергілікті тұрғындардың бірі 1А шағын ауданның жағалауындағы жануарларды видеоға түсіріп алды.