Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкентте үшем өмірге келді. Жүктіліктің 34-аптасында дәрігерлер қала тұрғыны Жанна Мелдешованы кесарь тілігін жасау арқылы аман-есен босандырып алды.

Бақытты отбасының тұңғыштары қазір 10 жаста. Енді міне араға 10 жыл салып, екі қыз және бір ұлды болып отыр. Айым, Рахат, Аяла атты әдемі есімге ие болған үш нәрестенің салмақтары екі келіден асады. Денсаулықтары жақсы. Олар бір апта бойы білікті мамандардың бақылауында  болып,  жуырда  үйлеріне шығарылды.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 20 мыңға жуық сәби өмірге келіпті. Олардың 135-і егіз болса, төртеуі үшем.