Ақтауда алаяқ тұрғынның 18 млн теңгесін алып, алдап кетті

Ақтауда алаяқ тұрғынның 18 млн теңгесін алып, алдап кетті

Ақтау полицейлері пәтер алаяғын қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.

Бұған дейін Ақтау қаласының полициясына жергілікті тұрғын жүгінген болатын. Оның айтуынша, аталған әйел 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін төрт жыл бойы тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде беріп, алдау жолымен 18 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда.