Алматыда халық саны 2 миллионға жетті

Алматыда халық саны 2 миллионға жетті

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынының есімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты! Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!» деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.