Қарағанды облысында ақпараттық автокөлік жолға шықты

 

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында ақпараттық автокөлік көшеге шықты. Оның көмегімен халыққа карантиндік шектеулер туралы ескерту жасалады.

 

Дабыл қондырғысын қосқан темір тұлпар әр ауланы аралап, вакцинаның тиімділігі туралы жан-жақты мәлімет береді. Мұндай шараның қолға алынуы тегін емес. Өйткені ертеңнен бастап өңірде екпе салдырмағандар немесе ПТР-тест тапсырмағандар жұмысқа жіберілмейді. Бүгінде мұнда вакцинаның біреуін 414 мың, ал қос компонентін 309 мыңға жуық адам алған