Православ шіркеуі Алматы тұрғындарына вакцина тарту етті

Православ шіркеуі Алматы тұрғындарына вакцина тарту етті

Алматыдағы православ шіркеуі қала тұрғындарына 10800 дана «Спутник V» вакцинасын сыйлады.

Екпе қазақстандық және астаналық митрополит Александрдың бастамасымен Ресейден сатып алынған. 5400 тұрғынға шақталған препарат қалалық №7 клиникалық ауруханаға тапсырылды. Вакциналар әрі қарай қаладағы екпе бөлімшелеріне үлестіріледі.

Айта кетейік, осыған дейін қаладағы екі шіркеуде вакциналау бөлімшесі ашылғанымен Алматыдағы карантин шектеулері күшейтілген соң шіркеулер уақытша жабылды. Екпе кабинеттері де жабық.

Евгений Иванов, протоиерей:

– Шіркеу әрқашан халықтың жағында болғандықтан тұрғындарға көмектесуге дайынбыз. Алдағы уақытта тағы да вакцина қажетттілігі туындаса, біз қолдау көрсетеміз.