Вакцина құжатын сатып алған әйел жансақтау бөліміне түсті

Вакцина құжатын сатып алған әйел жансақтау бөліміне түсті

Өкпесі қабынып жұқпалы аурулар ауруханасына түскен Павлодар қаласының тұрғыны вакцина құжатын сатып алғанын мойындаған. Қазір алпыс бір жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Науқастың жағдайы өте ауыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазиновтың айтуынша, науқас әйел жалған құжатты Павлодардан тысқары жерде сатып алғанын мойындаған. Енді жалған вакцина құжатын сату дерегімен полиция айналысады.