КВИ-ге шалдыққан 505 науқастың жағдайы өте ауыр – ҚР ДСМ

КВИ-ге шалдыққан 505 науқастың жағдайы өте ауыр – ҚР ДСМ

Коронавирус жұқтырған 253 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

14 тамыздағы мәлімет бойынша 116 574 адам коронавирус инфекциясынан (–112 025 + және 4 549 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 905 пациент стационарда, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 924 адамның жағдайы ауыр,
  • 505 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 253 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.