Алматыда жылжымалы сән салоны ашылады

Алматыда жылжымалы сән салоны ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы ұйымдастырған бизнес-идеялар сайысында жеңіске жетті. Байқауға жүздеген жас кәсіпкер қатысты. Олар өз жобаларын электронды поштамен жолдаған болатын. Ең үздік идеяның авторларына 6 миллион вон табысталды.

Бұл – шамамен 5 мың доллардан астам сома. Қаражаттың көмегімен олар келер жылдың басында Алматыда жылжымалы сән салонын ашады. Кәсіпкерлердің айтуынша, жобасын іске асыру үшін қосымша инвестиция қажет, бірақ бір жылдан кейін ол өз шығынын ақтайды.

Чо Ын Дже, бизнес-идеялар сайысының жеңімпазы:

– Бұл жоба Қазақстан үшін әзірленді. Өйткені Орталық Азия елдері арасында сіздерде жалпы ішкі өнім мен орташа айлық табысы жоғары. Жылжымалы сән салонының ерекшелігі - тұтынушыға бізге келудің қажеті жоқ. Кез келген жерге ыңғайлы уақытта барып, қызмет көрсете береміз.