Елордада карантин жеңілдетілді

Бүгіннен бастап елордада карантиндік шектеулер жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, Ashyq-қа қатысатын барлық нысанға демалыс күндері түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Ол үшін жұмысшылары мен келушілері «жасыл» мәртебеге ие болу керек. Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейтін болады, тек жексенбіде жүрмейді. Ал сауда орталықтары келушілерді тек жұмыс күндері таңғы оннан кешкі 22:00-ге дейін қабылдай алады.