Онлайн халық санағына 32 мыңнан астам адам қатысты

Елімізде онлайн халық санағына өткен тәуліктен бері 32 мыңнан астам адам қатысты.

Науқан бірінші қыркүйекте басталды. Енді қазан айының 15-не дейін жалғасады. Бұған жауапты мамандар онлайн санақ аяқталған соң, дәстүрлі форматқа көшеді. Яғни, үй-үйді аралайды. «Sanaq.gov.kz» электронды жүйесіндегі сауалнамада 50-ге тарта сұрақ бар. Олардың ішінде туған жері, отбасылық жағдайы, мекенжай, тұрып жатқан баспананың аумағы сынды деректер сұралады. Жалпы сауалнама халықаралық тәжірибеге сай әзірленген.

Биыл Қазақстаннан бөлек, әлемнің 61 мемлекетінде халық санағы өтеді. Солардың басым бөлігі шараны онлайн түрде жүргізеді.

Олжас Сайлаубекұлы, «Ұлттық Халық Санағы-2021» шарасының ресми өкілі:

– Санақ парақтары кешен ғана әзірленген жоқ. Оның ішінде барлық мәлімет енгізілген. Кез келген адам сонымен танысуға мүмкіндігі болды. Мұның бәрі мүдделі меморгандармен келісілді. Санақты халықаралық адамдар да ұсыныс енгізеді.