Маңғыстау облысында браконьерден 400 келі бекіре тәркіленді

Маңғыстау облысының Кендірлі маңында жағалауда көмбе қазып, бекіре жасырған браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз шекарашылары салмағы 400 келі болатын балықты көлікке тиеп жатқан күдіктіні байқап қалған. Заңсыз ауланған бекіренің бағасы 87 млн теңгені құрайды. Табиғатқа орасан көлемде зиян келтірген тұрғын Қарақия аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.