Біртанов ісі: Сот шешімі өзгеріссіз қалды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан он күн бұрын Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған соты экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімін 14 қарашаға дейін ұзартқан. Алайда бүгін қорғаушы тарап судьяның тағылған айыптарды тиісті деңгейде тексермегенін алға тартып, жазасын жеңілдетуді сұрады. Бір сағаттан аса уақытқа жалғасқан сот отырысында бұл талап-өтініш қанағаттандырылмады.

Айта кетейік, Елжан Біртановты үйқамақта ұстау 2020 жылдың қарашасынан бері жалғасып келеді. Ол елдің денсаулық саласын басқарған тұста орынбасары Олжас Әбішевпен жалған ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосты. Осылайша, мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді.

Сондай-ақ санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатта пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.