Антитеррор 2021: елордадағы мектепті лаңкестер басып алды

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлағандай, қазір 29-шы білім беру мекемесінде террористік шабуылға қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Мақсат – тәртіп сақшыларының төтенше жағдайда шұғыл әрекет етуін жетілдіріп, қауіпсіздікті сақтау тәсілдерін пысықтау. Жаттығу барынша шынайы өтуі үшін мектеп маңындағы жол қозғалысына шектеу қойылған. Осы ретте полиция қызметі тұрғындарды түсіністік танытуға шақырады. Оқу-жаттығу сағат түскі 13:00-ге дейін жалғасады.