Жүктілікті коронавирустан қорғалған кезде жоспарлау керек – дәрігер

Коронавирус репродуктивті органдардың жұмысына теріс әсер етеді, ал вакцинация, керісінше, иммунитетті арттыруға және ағзаны қорғауға көмектеседі. Профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин жүкті әйелдердің КВИ-ден қалай қорғануға болатыны және олардың вакцинациялануы мүмкін екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Вячеслав Локшиннің айтуынша, вакцинация репродуктивті органдардың жұмысына әсер етпейді.

«Жүктілікті дені сау және вирустан қорғалған кезде жоспарлау керек, ал індеттен вакцина ғана қорғайды. Адамзат екпеден артық тиімді ешнәрсе ойлап тапқан жоқ. Вакцинация жасалып, антиденелер пайда болғаннан кейін 3-4 аптадан соң ғана жүктілікті жоспарлауға болады. Сонымен қатар, вакцинацияланған әйелдер антиденелері бар баланы өмірге келеді. Ол балаға беріледі және қауіптен қорғайды. Антиденелер жаңа туған нәрестенің денсаулығын қолдайтын омырау сүтінде де кездеседі. Отбасын құрар кезде әкесі де, анасы да, айналасындағы адамдар да екпе алуы керек. Бүгінге дейінгі бақылаулар жүктілікке дейінгі вакцинацияның репродуктивті функцияға ешқандай әсер етпейтінін, оған коронавирус теріс әсер ететінін көрсетті», - деді репродуктолог.

Ол сондай-ақ жүкті әйелдерді вакцинациялау туралы қозғап өтті. Оның айтуынша, жүкті әйелдерді вакцинамен иммундау Канадада, АҚШ-та, Израильде, Ұлыбританияда, Германияда белсенді жүргізілді. Қазір Ресейде басталды.

«Өзіміз үшін 16 аптаны анықтадық – бұл жүктілік кезеңі, органогенез аяқталғаннан кейінгі кезеңнен соң вакцинацияны ұсынамыз. Қазір әлемде бірнеше жүз мың жүкті әйел вакцинацияланды. Қазақстан олардан артық емес, әсіресе жүкті әйелдер санаты үшін вакцинаға тапсырыс берілді», - деді спикер.

Сондай-ақ...