Елордадан Пхукет пен Санкт-Петербургке әуе қатынасы қайта жанданды

31 қазаннан бастап елорда Пхукет пен Санкт-Петербургке әуе кеңістігін қайта ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрақты рейстерді отандық әуе компания жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Пхукет бағытына бейсенбі және жексенбі күндері, ал  Санкт-Петербург бағытына сенбі күндері рейс орындалады. Сонымен қатар Ыстамбұлға қатынайтын әуе рейстерінің саны аптасына 3 рет ұлғайды. Ал 1 қарашадан бастап ұшақтар Нұр-Сұлтан - Дубай бағыты бойынша күн сайын қатынайтын болады. 

Еске сала кетерлігі, бұған дейін пандемия салдарынан халықаралық әуе рейстер саны қысқартылған болатын.