Елордада бір аптаның ішінде 600-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Елордада өткен аптада 115 қылмыс жасалып, оның 86-сын полиция қызметкерлері ізін суытпай ашты. Жалпы өткен аптамен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны біршама артқан. 600-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Еске сала кеткен жөн, қалалық полиция департаменті азаматтардан арыз-шағым қабылдаудың көп-арналы жүйесін енгізген. Мәселен, биыл ақпан айында "Police 102" мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Аталған бағдарлама операторға абоненттің орналасқан жерін және оқиға орнында болып жатқан жағдайды көруге мүмкіндік береді.

Данияр Орал, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Арғы аптада 93 қылмыс жасалған. Ал өткен аптада 115. Тиісінше 17 позицияға өсім бар деген сөз, 17 қылмысқа артық жасалған. Ал енді жол-көлік оқиғасын алатын болсақ, алдыңғы аптамен салыстырғанда азайған. Бірақ алдыңғы аптада қаза тапқан адам болмаған еді. Алдыңғы аптада 17 адам дене жарақатын алған.