Энергетика министрлігінің экс-шенеунігі 8 жылға сотталды

Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай-газ басқармасының бұрынғы басшысы Нұрбек Амангелдіұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елордадағы №2 Алматы аудандық соты осындай үкім шығарды. Нұрбек Амангелдіұлы өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Оған кейбір өңірлерге көгілдір отынды көбірек бөлген, шикізатты сатып, мемлекетке шығын әкелді деген айып тағылған.

Тергеу нәтижесінде Нұрбек Амангелдіұлының құжаттарға лауазымын асыра пайдаланып, жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды.