Министр Райымқұлова Нұрлан Өнербаевты 60 жас мерейтойымен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші Нұрлан Өнербаевты 60 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Құрметті Нұрлан Әлтайұлы!
Сізді мерейлі 60 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз Ұлы Дала елінің мәдениеті мен өнерін дамыту жолында сүбелі үлес қосып келе жатқан, бекзат өнердің дарынды өкілі, сыйлы тұлғасыз.
Ұлттық мүдде жолындағы ұтымды ойларыңыз бен бойыңызға дарыған дара талантыңыздың арқасында, Сіздің аса шеберлікпен орындаған «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы» сынды басқа да әндеріңізді өскелең ұрпақ атыңызды ардақ тұтып, асқақтата шырқап келеді.
Алдағы уақытта да отанымыздың үлкен нәтижелер мен мол табыстарға жетуі үшін игі бастамаларыңыз бен еселі еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектеспін!
Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, деніңізге саулық, жанұяңызға бақыт, ісіңізге береке, сарқылмас қайрат пен таусылмас табыс тілеймін!», –  деп жазылған министрдің құттықтау хатында.