Қазақстандықтар тарапынан түскен шағымдардың тең жартысы медицинаға қатысты

Бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында ведомство жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесін жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша, бұл тізімнің басында сондай-ақ байланыс және қоғамдық көлік салалары да кірді. Оларға наразы жұрттың қатары 36 процент. Тұрғын үй, бөлшек сауда, туризм бойынша қызмет көрсету сапасы да халықтың көңілінен шықпайды. Мемлекеттік органдардың жұмысына да азаматтар тарапынан көптеген сұрақ туындайды. Жыл басынан бері жауапты ведомстволарға 26 мыңнан астам өтініш түскен. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл көрсеткіштер елдегі тұтынушылық мәдениеттің деңгейін көрсетеді. Ал түйткілді шешудің төте жолы – биыл «Е-тұтынушы» порталы іске қосылды. Барлық шағым бір терезе арқылы қабылданады. Сондай-ақ Қазақстанда тұтынушылар омбудсмені қызметін енгізу қажеттілігі туындап тұр. Бұл ұсынысты әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 56 проценті қолдап отыр.

Сондай-ақ...