Петропавлда алғашқы IT-Хакатон өткізілді  

Еліміздің солтүстігінде жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда алғаш рет IT-Хакатон өтіп, кейінгі толқын әлеуметтік мәселелерді жаңа технологиялардың көмегімен шешу жолдарын ұсынды. Мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу ордасының студенттерінің басын қосқан шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Байқау талабы бойынша олар 6 сағат ішінде өздерінің жобаларын жасауы тиіс. Жүлде қоры – 900 мың теңге.

Қаратай Жанболат, студент:

– Біз жасаған жұмыс жоба арқылы бүкіл Қазақстандағы студенттер үшін өздеріне ыңғайлы жұмыс онын табу үшін әртүрлі компаниялармен ЖОО-дар өздерінің серіктестерінің арасында студенттерді тәжірибеге жібере алады. Соның арқасында компаниялар студенттерге өзінің бағасын беріп, олар туралы өз ойларын айтып кететін болады.

Иван Бухонин, ұйымдастырушы:

– Мұндай шара студенттер мен жұмыс берушілерді біріктіреді. Оның үстіне жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына көмектеседі. IT-мамандығына оқып, даяшы болып жүргендер де бар. Сондықтан бұл байқаулар осындай олқылықтардың алдын алады деген ойдамыз.