Қарағандыда жамбас ұршығына бұрын-соңды болмаған операция жасалды

Қарағандыда жамбас ұршығына бұрын-соңды болмаған операция жасалды

Қарағандыда екі жасар баланың жамбас ұршығына жаңа технологиямен операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Елімізде 15 мың нәрестенің біреуінде жамбас буынының туа біткен ақаулығы анықталады. Дәрігерлер бұл диагнозды дер кезінде анықтамаса, бала өмір бойы сылтып басатынын айтады. Операцияны Израильдік маман Марк Эйдельман, Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың хирург-ортопедтеріне шеберлік сабағы ретінде өткізді. Бұрын  мұндай операциялар ескі әдіспен айына 1-2 рет  жасалатын. Бір ерекшелігі, Израйльде  операция құны 20 мың доллар болса, бізде тегін.  Шеберлік сағатын өткізген маман қарағандылық дәрігерлерге арнайы аппаратын да алып келген.

Марк Эйдельман, халықаралық деңгейдегі ортопед дәрігер /Израиль/:

– Бұл виртуалды компьютер арқылы сырттан бекіту тәсілін пайдалануға болады. Яғни бір мезетте екі білезік пен алты бірдей ауытқуы бар жерде түзету процесін жүргізе аласыз. Қай жер қанша пайызға қисайғанын компьютер көрсетіп береді. Елизаров әдісі арқылы жасайтын болса, бұл өте кең тараған әдіс. Деформацияны дамыту үшін ұзақ жылдар бойы дайындалу керек.