Елордада коронавирус жұқтырғандардың саны 38%-ке азайды

Елордада коронавирус жұқтырғандардың саны 38%-ке азайды

Ал стационарлық емдеудегі науқас саны 27% -ке төмендеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір арнайы стационарда 359 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 40 адам реанимацияда, ал өкпені жасанды желдету аппаратына 14 науқас қосылған. Бұдан бөлек, медициналық жедел жәрдем қызметіне түсіп отырған қоңыраулар мен шақырулар саны да 27%-ке азайған. Десе де мобильді бригадалар күніне 1200-ге дейін  шақыртуларға барады.