Қызылордада сирек ​кездесетін балық аулағандар ұсталды

Қызылордада сирек ​кездесетін балық аулағандар ұсталды
inform.kz

Облыс көлемінде 1 желтоқсаннан бастап «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында қолға алынып отыр. Іс-шара барысында Шиелі аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Бидайкөл-Иіркөл тас жолында жеңіл автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан бір дана аккумулятор, екі қапқа салынған әртүрлі балық тәркіленді. Оның ішінде сирек кездесетін қаяз балығы алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші мен жолаушысы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335 бабының 3 бөлігінің 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты заңсыз алу жағдайы көрсетілген», - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.​ ​