Елімізде көлік салығы өсті

Елімізде көлік салығы өсті

Бүгіннен бастап көлік салығы өсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл айлық есептік көрсеткіш көлемінің артуына байланысты болып отыр. Салық мөлшері темір тұлпардың Қазақстанда тіркелген жылы мен қозғалтқыш көлеміне сай анықталады. Айталық, қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі көлікке 3 063 теңге салық салынады. Ал қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметр болатын автомобиль үшін 358 мыңнан жоғары салық төлеу керек.

Айта кету керек, 2021 жылдың салығын 1 сәуірге дейін төлеуге болады. Ол бұрынғы мөлшермен есептеледі.