Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетіледі

Маңғыстауда басталған шеруді еліміздің өзге аймақтағы тұрғындары да қолдады. Бірнеше қала мен елді мекенде бейбіт шерулер өтті.

Мысалы, Ақтөбе қаласының тұрғындары жиналып өз талаптарын ортаға салды. Содан кейін жергілікті билік жұрттың талап-тілектеріне құлақ асып, орындалатыны туралы жариялады. Сұйытылған газ бағасы Ақтөбе облысында да 50 теңгеге дейін төмендетілетін болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жапишов фейсбук парақшасында бөлісті.

Бүгін Ақтөбе қаласында бейбіт шеруге келгендер биліктен екі мәселені талап еткен еді. Бірі газ бағасын 50 теңге қылу болса, екіншісі наразылық барысында ұсталғандарды босату болды. Екі талап та орындалған көрінеді. Бұл жайында облыс әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасында да жазылған.

 

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті