Алматы әуежайы ұшақтар қабылдамайды – фейк

Алматы әуежайы ұшақтар қабылдамайды – фейк
Tengrinews.kz

Telegram мессенджерінде Алматы халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.

Алматы әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, әуе порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

– Әуежай ұшақтарды қабылдамай жатыр деген ақпарат жоқ. Барлық ұшақтар, әдеттегідей, кесте бойынша ұшып-қонуда, – деп хабарлады Алматы әуежайынан.

Демек тараған ақпарат фейк.

Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасымен жауапкершілік қарастырылған.