С.Әзірбек: Алматыдағы бүлікке кінәлілер анықталды

Қаңтардың 6-сында Алматыдағы полиция департартаментіне жасалған шабуыл алдын ала жоспарланған болып шықты.

Бұл туралы қалалық терроризмге қарсы күрес штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:

- Арнайы операция басталғалы 852 адам ұсталып, ол азаматтардың барлығы террорлық актілерге, шабуылдарға бүлікке қатысқаны толығымен дәлелденуде.