Баянауылда қысқы туристік маусым ашылды

«Мырзашоқы» тау-шаңғы кешені санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалушыларды қабылдайды. Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қыста тауда демалуды қалайтын жерлестеріміз бен қонақтарға «Мырзашоқы» тау-шаңғы кешенінің қысқы туристік маусымы ашылғанын хабарлаймыз. Тау-шаңғы кешенінде сенімгерлік басқарушысымен 44 бірлік тау шаңғылары және 20 бірлік сноубордтар жалға беру қызметтері көрсетіледі», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Баянауыл ауданының тұрғындары үшін «Мырзашоқы» тау-шаңғы кешеніне тасымалдайтын маршрут қарастырылған. Шығу орны Баянауыл ауылы, Самал дүкені жанынан  сағат 10.00 - де және 14.30 - да. Жол ақысы – 500 теңгені құрайды.