СҚО өрт сөндірушілері жол апатынан зардап шеккен әйелді құтқарды

15 қаңтар күні, 12 сағат 22 минутта Айыртау ауданы Саумалкөл ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің байланыс қосынынан Көкшетау-Рузаевка тас жолының Комаровка – Антоновка селоларының арасында жол көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

ЖКО орнына дереу азаматтық қорғау капитаны Олжас Қабдөшев басқаратын бөлімнің кезекші қарауылы шықты. Lexus және Volkswagen Passat екі жеңіл көліктерінің қарама-қарсы соқтыққаны белгілі болды. Volkswagen Passat көлігінен 1977 жылы туған Есіл ауданынан Имантауға бағыт алған әйел құтқарылды.

«Жүргізушінің жанында отырған әйелдің аяқтары жарақаттанып, өзі есеңгіреп қалған. Жігіттер есікті ашып, зардап шеккеннің аяқтарын майысқан темірден босатып алды. Оны зембілге салып, полиция мен медицина қызметкерлерімен бірлесіп жедел жәрдем көлігіне орналастырды. Әйелді жедел жәрдем бригадасы Айыртау аудандық ауруханасына жеткізді», - деп аудандық ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Мұрат Жамбылов баяндады. Есеңгіреп қалған екі көліктің жүргізушілеріне де медициналық қызметкерлердің көмегі көрсетілді.

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы