Азаматтық қоғам институтының рөлі күшейеді – сарапшы 

Елдегі саяси, әлеуметтік Һәм экономикалық салаларды терең өзгерістер күтіп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл істе азаматтық институттар белсенділік танытуы тиіс. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде айтты. Сондықтан ел үшін маңызды бастамаларда қоғамдық ұйым мүшелері төбе көрсетуі маңызды, – дейді сарапшылар.

Думан Жампейісов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма басшысы:

– Бірінші кезекте азаматтық қоғамның рөлі өте маңызды болып тұр. Бұл жерде мемлекеттік органдар өз-өздерін жаңартып қана емес, азаматтық қоғам, қоғамдық ұйымдар, белсенді азаматтар еліміз әрі қарай қалай дамиды, оны қалай  өзгертеміз, нені түзетуіміз керек  осыларға біз айқын жауап беріп, осы жұмысқа белсене қатысуымыз керек.