Коронавирус пен пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды. Тағы 12 мыңға жуық адам індет ілмегіне ілінген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

29 қаңтардағы мәлімет бойынша 159 472 адам коронавирус инфекциясынан 158 140 КВИ+ және 1 332 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 161 пациент стационарда, 149 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

381 адамның жағдайы ауыр,

166 пациенттің жағдайы өте ауыр,

98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.