Елімізде алғаш рет қолқа доғасына күрделі операция жасалды

Елімізде алғаш рет қолқа доғасына күрделі операция жасалды

Павлодарлық кардиохирургтер инновациялық технологияны меңгеріп, елімізде алғаш рет тәжірибеге енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қолқа доғасының гибридті алмастырылуы» операциясы 39 жастағы Семейлік азаматқа жасалды. Ауру томографиялық зерттеу нәтижесінде анықталып, науқасқа «қолқаның жытылуы» деген диагноз қойылды. Бұл жағдайда адам өміріндгі маңызды органдардың оттегімен қамтамасыз етілуі қиындайды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагнозы бар азаматтардың тең жартысы ауруханаға жетпей көз жұмады. Ал 28 проценті операциядан кейін қайтыс болады. Сондықтан аса күрделі хирургиялық әрекет болып саналады. Операция 4,5 сағатқа созылды. Осы тектес шаралар, әлемдік медицина саласында, 7 жыл бұрын пайда болған. Жергілікті мамандар бұл істі меңгеруге 5 жылын арнады. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Оңалтудан өтеді.

Қайрат Қайрамбеков, науқас:

– Қайырымды адамдар көп қой. Шынымды айтатын болсам, ондай операция жасауға ақшам жоқ еді. Қаражатым жетпес еді. Клиникадағы барлық кісілерге көп рахмет айтамын. Осы кісілердің арқасында тірі жүрмін. Алла бұйырса, Балаларымды көремін.

Кенжебек Әлтенов, облыстық Кардиохирургия орталығы директорының орынбасары:

– Операцияны жасау үшін жасанды қан айналымы аппаратына қосылу керек. Ол уақытша жүректің, өкпенің қызметін атқарып тұрады. Өйткені біздің организмімізге маңызды органдарын қан айналымымен қамтамасыз етеді. Оттегімен қанықтырып отырады. Соған байланысты аппаратқа қосылады. Науқас уақытша дене температурасы белгілі бір өлшемге төмен түсіреді. Біз науқастың дене температурасын 30 градусқа түсірдік.