Жеке ауруханалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін ұйым қатарына кіре алмауда

Жеке ауруханалар мен шипажайлар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ететін ұйымдар тізіміне кіре алмай жатыр.

Бүгін орталық өкілдері Денсаулық сақтау министрімен онлайн кездесуде қалыптасқан жағдайға байланысты наразылығын білдірді. Қазір олар өңірлік даму жоспарларында жоқ. Ахуалға бюрократиялық тосқауыл кедергі, дейді мамандар. Салдарынан салаға инвестиция тарту мүмкін емес. Орталық басшылары халыққа медициналық жәрдем беретін ұйымдар тізімін кеңейтіп, олардың арасында бәсекелестік қажет екенін атап өтті. Қатысушылар әр клиникаға мемлекеттік тапсырысты орындауға мүмкіндік беруді талап етті.