Шымкентті су басу қаупі сейілді

Шымкентті су басу қаупі сейілді

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелері суға толды.

Қалаға қарасты төрт ауданның аумағындағы шағын аудандарда арықтар арнасынан тасып, тұрғындарға қолайсыздық тудырды. Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Жеке құрамның 146 қызметкері жұмылдырылып, 43 техника тартылды. Нәтижесінде су басқан аудандардың аумағынан 975 текше метр су шығарылды. Сала мамандары бұл аптада ауа райының қолайсыздығы сақталатынын айтады. Сондықтан дауылды ескертулерге мән беру керек.

Дархан Райханов, қалалық ТЖД дағдарыс жағдайлар басқармасының бастығы: 

- 17 жерде қала аумағында ирригациялық жүйелердің су өткізу мүмкіншілігінің нашарлауына байланысты сонымен қатар жолдарды су алу бойынша ақпарат келіп түсті. Дауылды ескерту бойынша қайғылы жағдайлар адам өміріне зиян келтіру фактілері және басқа да мүліктерге зиян келу фактілері тіркелмеген.