13 ақпанға арналған ауа райы болжамы: қар, боран, көктайғақ

13 ақпанға арналған ауа райы болжамы: қар, боран, көктайғақ

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыстан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты қар, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын соғып, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында көктайғақ болады.

Ақмола облысында бұрқасын, облыстың солтүстік-батысында тұман, облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының батысы мен орталығында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, солтүстігінде тұман, шығыс және оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. Қызылорда облысының батыс жартысында тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз облыстың солтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда желдің екпіні - 15-20 м/с.