Медициналық мекеме қызметкерлерінің тарапынан арыз көп

Медициналық мекеме қызметкерлерінің тарапынан арыз көп

Еңбек инспекциясына дәрігерлер тарапынан түсетін арыз көбейді.

Тек Қарағанды облысының өзінде былтыр медицина қызметкерлерінің 250 шағымы тіркелді. Осыған орай инспекторлар жоспардан тыс 32 тексеру ұйымдастырды. Нәтижесінде 28 дау-дамайдың шешімі табылды. Заңға қайшы әрекеттер облыс орталығы мен Жезқазғанда, Теміртау, Қаражал мен Қарқаралы ауданындағы медициналық мекемелерде жиі кездеседі. Негізінен жұмыстан заңсыз шығару мен тиісті өтемақылардың дер кезінде төленбеуі сияқты кикілжіңдер жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы дауға түрткі болады.

Дастан Кұдабаев, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жетекшісінің орынбасары:

– Заң талаптарын орындау туралы 13 ұйғарым беріліп, 5 әкімшілік айыппұл хаттамасы толтырылды. Жалпы сомасы 900 мың теңгеден астам. 2020 жылмен салыстырғанда былтыр медициналық мекеме қызметкерлерінің тарапынан түскен арыз-шағым саны бір жарым есе артып отыр.