Қызылордада көкнәр мен марихуана өсірілген жылыжай табылды

Қызылордада көкнәр мен марихуана өсірілген жылыжай табылды
ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда қ. есірткі құралдарын өсіруге және сақтауға қатысы бар Қазақстан Республикасының үш азаматының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомство ақпаратынша, процессуалдық іс-шаралар барысында «гидропоника» әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора және 2 кг кептірілген марихуана алынды.

«2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысында өңірлік есірткі тобының өкілдері ұсталды, олардың екеуі Саран қ. тұрғыны болып табылады.

Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында өткізгені анықталды», – делінген мәліметте.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 кг гашиш пен 52 кг марихуана тәркіленген.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.