Лаңкестікті қаржыландырудың алдын алу керек – ҚР ҚМА

Лаңкестікті қаржыландырудың алдын алу керек – ҚР ҚМА

Төлем қабылдауға арналған жаңа жүйелердің көптеп пайда болуы ақша жымқыруға және лаңкестікті қаржыландыруға жол ашады.

Ақша аудару құралдары әлемнің кез келген жерінде қолжетімді. Әсіресе, бұл әдісті көлеңкелі экономикада, қылмыстық әрекет үшін тез қаражат жинау кезінде пайдаланады. Мәселен, Сирия аумағындағы лаңкестердің шетелдік QIWI-әмияндарына ұдайы түрде ақша аударып келген күдіктіге қатысты тергеу нәтижелері осыған дәлел, дейді Қаржылық мониторинг агенттігі. Сондай-ақ өзге де заңсыз төлем қабылдау жүйелерін психотроптық заттар сатып алу үшін қолданады.

Агенттік қызметкерлері әлеуметтік желіде есірткі жарнамалаған және ақысын төлем терминалдары арқылы алған Қазақстан азаматын ұстады. Осыған байланысты барлық төлем қабылдау жүйесі Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесе жұмыс істеуі арқылы қылмыстық әлемді қаржыландыру тетігіне балта шаба алады. Сол себепті күдік тудырған кез келген қаржылық операция туралы хабарлау керек. Өкініштісі сол, елде тіркелмеген төлем жүйелері бар.