Заң үстемдігі барлық деңгейде сақталуы тиіс – Ю.Кучинская

Президент сұхбат беру арқылы халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская осылай дейді.

Оның пікірінше, сұхбатта көтерілген мәселелер тек халыққа қарата айтылған жоқ. Мемлекеттік органдарға да берілген белгі болды.

Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Президенттің әр сұхбатында үнемі бір құндылықтарды қайталап айтып отыратыны ұнайды. Тіл саясатына қатысты айтқаны, жалпы этносаралық қатынас, елдің тұтастығы туралы ойлары да үлкен мән-маңызға ие. Өйткені ол құндылықтарсыз біз Жаңа Қазақстан құрмақ түгілі, ары қарай дами алмаймыз. Біріншіден, адамның заңды құқығына қатысты айтылған мәселе – Заңның үстемдік құруы барлық деңгейде сақталуы тиіс. Президенттің осыған баса мән бергені көңілімнен шықты.