Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамауға алынды

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бектановқа қатысты осындай үкім шығарды. Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайтыны айтылды. Бұған дейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.