Қазақстанда адамдарды оқшаулайтын карантиндік лагерьлер салынуда – фейк

Қазақстанда адамдарды оқшаулайтын карантиндік лагерьлер салынуда – фейк
Aikyn.kz

Қазнетте Семей маңында карантиндік лагерьлердің құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады. Онда адамдарды зорлықпен оқшаулап ұстайтын болады. Бұл жалған, деп жазады stopfake.kz.

Желі қолданушыларының айтуынша, салынып жатқан лагерьлер адамдар өз еркінен тыс болатын түрмелерге ұқсайды.

Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Бұл фейк. Қазақстанда мұндай ештеңе салынып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Желі қолданушылары COVID-19 жұқтырған науқастарына арналған лагерьлер туралы бұған дейін де айтып келген. Мұндай қауесеттер 2020 және 2021 жылдары таралды. Екі жағдайда да хабарламалар фейк болып шықты.