Қазақстанда карантиндік лагерьлер салынып жатыр – фейк

Қазнетте Семей маңында карантиндік лагерьлердің құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат тарады. Салынып жатқан лагерьлер адамдарды оқшаулап, күштеп ұстайтын түрмелерге ұқсайды-мыс. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

FAKE: 2025 ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРЕДІ

Telegram желісі арқылы әлем елдерінің атауы өзгеретіні жайлы ақпар таралып жатыр. Онда «2025 жылы 4 шілдеде БҰҰ жаһандағы барлық мемлекеттің атауын өзгертіп, жаңа тәртіп орнатады. Ал оған қарсы шыққандар атылады» делінген. Сондай-ақ 5 жасқа толған балалар ата-анасынан ажырап, мектепте тәрбиленетіні, әлемдегі барлық ұшақ, кеме, көліктердің түсі көкке боялатыны туралы мәлімет келтірілген. Бұның ешқайсысы да шындыққа жанаспайды.

FAKE: ҰШАҚТАР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ БҮРКІП ЖАТЫР

Қазақстандағы танымал телеграмм каналдардың бірі аспандағы ақ іздердің фотосуретін жариялап, ұшақтардың COVID-19-ға қарсы назальды вакцинаны бүркіп жатқаны туралы ақпар жариялады. Осылайша вакцинаны адамдарға бүркіп сынамақшы екен. Бұл антиваксерлер таратқан жалған ақпарат болып шықты. Ковидке қарсы мұрынға себілетін вакцинаны қазір екі ресейлік компания әзірлеу үстінде. Бірақ спрейлер санаулы адамдарға себіліп, енді ғана сыналып жатыр. Яғни, жаппай өндіріске енгізілмеген. Оның үстіне ұшақтан себудің еш мәнісі жоқ. Өйткені спрей-вакцина мұрынға тікелей себуге арналған.

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАР БҰРМАЛАНҒАН

Әлеуметтік желілерде ірі фармацевтикалық компаниялар вакциналарын мақұлдату және вакциналауды міндетті қолданысқа енгізу үшін пара беретіні туралы ақпар тарады. Нақтырақ айтқанда, хабарламада FDA атқарушы директоры Кристофер Коулдың, компаниялар жүздеген миллион доллар төлейтінін мойындағаны туралы айтылады. Бірақ FDA бұл ақпаратты жоққа шығарды. Өйткені Кристофер Коулденің вакциналауға қатысты мәлімдеме жасайтындай құзыреті жоқ.