БҚО-да еріген қар суы жолды шайып кетті

БҚО-да еріген қар суы жолды шайып кетті
inform.kz

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, оқиға 24 ақпан күні Бөкей ордасы ауданы аумағында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, Ұялы ауылы маңында облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 157 және 227-шақырымында тез еріген қар суы жолдың үстін басты. Соның салдарынан жол барлық көлік түрлері үшін жабылды. Жергілікті атқарушы органдар және «Жолаушы-жол» ЖШС күшімен инертті материал салынған 40 қап төселіп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жолдың 157-шақырымында судың жолды басуы тоқтады. 25 ақпан күні жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.