Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесінің ашықтығын сөз етті

Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесінің ашықтығын сөз етті

Ел тұрғындары енді ауыл әкімдерін ғана емес, аудан басшыларын да сайлай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл демократия қағидаларын іске асыруға бағытталған оңтайлы шешім. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістанға барған жұмыс сапары барысында айтты. Бірнеше кездесу өткізіп, жергілікті жастармен жүздескен белсенді топ сайлау жүйесінің ашықтығын сөз етті. Дауыс берудің дұрыстығы мен түрлі мәселелері күн тәртібіне қойылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы барлық ұсыныстар ескеріліп, назарға алынатынын айтты.