600 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыс керек

600 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыс керек

2024 жылға дейін елде 150 орындық 12 оңалту орталығы бой көтереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл екеуі салынып жатыр. Құзырлы министрлік құрылыс сапасын жіті назарда ұстайды. Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты. Мүгедектерді жұмыспен қамту да өзекті мәселе. Қазір жұмыс істеуге қабілеті бар 700 000 мүмкіндігі шектеулі жанның 126 мыңы, яғни 25 проценті ғана еңбек етіп отыр. Қолға алынған шаралар жоспарына сай биыл олардың саны артуы мүмкін.