Қаңтар оқиғасы кімге керек болды – Сұхбат 

Алаңға шыққандардың арасында арандап қалғандар көп болды. Қаңтар оқиғасынан кейін елдің түкпір-түкпірінен қару-жарақ жасырылған жерлер әшкереленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі айдай уақыт өтсе де бұл дерек тоқтамай отыр. Сонымен қатар қаңтардағы қырғын кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің жай-күйі жөнінде де тікелей эфирде талқыланды. Тікелей эфирге қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл және эфирге онлайн қосылған Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Айбек Қазыкенов, сондай-ақ Алматыдағы Президент резиденциясына қатысты мамандардың сараптамасы жөнінде ҚР іс басқармасының бас инспекторы Бақыт Әбдіқалықова айтып берді.