Павлодар облысында 35 елді мекенді су басу қаупі бар

16 ауылға қардың еруі қиын болғалы тұр. Ал қалғаны өзеннің аңғарында жатқандықтан су жайылуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы 35 елді мекенде 10 мыңдай адам бар. Мамандар қазір жолдардың да су шайып кетуі ықтимал тұстары бар екенін айтады. Өйткені ол аумақтарда су өткізетін құбырлар жоқ.

Наурыздың басында ауа температурасы бірден 5 градусқа көтерілді. Еріген қар суы жолдарды былай қойып, елді мекендерге кіруге шақ қалды. Ертеңінде күн күрт суытып, ауа райының тосын мінезін табиғаттың өзі түзеткендей болды. Құтқарушылар осы аралықта бөгеттерді бекітіп, су жүретін жолдарға құм мен қиыршық тас төгіп үлгерді.

Марат Валиев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РММ ПФ инженері:

– Ол «Қалқаман-Баянауыл – Үміткер – Ульяновск. Тағы біреуі Май ауданының «Ақсу-Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов тасжолында тіркелді. Онда жолдың 213-ші шақырымында су жүретін құбырлар қарастырылмаған. Сондықтан еріген қар суы жолдың жиегіне жиналады. Ернеуінен асып кетсе автокөлік қана емес темір жолға да қауіп төнеді.

Бүгінгі таңда 19 жолда құтқару бригадалары құрылған. Төтенше жағдайлар департаментінен 600-дей техника, жеке құрамнан мыңға жуық адам тас-түйін дайын отыр. Инерттік матариалдар мен жанар-жағар май қоры жеткілікті деңгейде әзірленген. Павлодар облысында аяздың беті қайта қоймады. Қардың жаппай еруі наурыздың аяғына келеді дейді мамандар. Биыл алғаш рет су тасқынының алдын алудың жаңа әдісі қолға алынбақ. Су көп келген жағдайда терең ор қазылады. Бүгінгі күні Ақтоғай ауданындағы төрт ауылда жағдай күрделі. Бұл елдімекендер Сілеті су қоймасына жақын жатыр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат