ШҚО-да 80 отбасы баспаналы болады

ШҚО-да 80 отбасы баспаналы болады

Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласында жыл соңына дейін 80 отбасына  баспананың кілті табыс етілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін аудан орталығынан 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек тағы 20 жер үй бой көтеруде. Жаңа баспаналар бірнеше жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйге мемлекеттік қазынадан 675 млн теңге қаржы қаралған. Ал бір қабатты 20 үйдің жобалық құны 108 млн теңге.

Бақытжан Молдаханов, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары:

– Қазіргі кезде аудан бойынша 727 адам кезекте тұр. Барлык категорияның санаттарын алатын болсақ 727. Көпқабатты үйді біз былтыр бастағанбыз, биыл бітіру жоспарда. Қазір қаражат бөлінді, жұмыстар қар еріген соң басталады. Қыркүйек, қазан айларында тапсыру жоспарланып отыр.