22 наурызға 22 ұлттық көйлек тігілді  – ШҚО

22 наурызға 22 ұлттық көйлек тігілді  – ШҚО
inform.kz

Шығыс Қазақстанда сотталған әйелдер 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай 22 көйлек тікті, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ-156/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар толықтай жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 10%-тен астамы әйелдер. Олар тігін орындарында өздерінің сүйікті істерімен айналысуда. Наурыз мейрамына орай сотталған әйелдер 22 ұлттық көйлекті арнайы тікті.